1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар! ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасірет соғыс еді. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты. Сондай-ақ, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 100 миллион адам қолына қару алды. Олардың арасында көп ұлтты Кеңес Одағы деген алып ел бар еді.
2-жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.
1-оқушы: Жүргенімде қуанышпен қамданып, Керек-жарақ заттарымды қолға алып. Жиырма екінші сағатында қырық бірдің Батыстан дауыл соқты долданып.
2-оқушы: Таң алдында сағат бесті соққанда, Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да. Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау, Шекараға келіп салды ойранды.
3-оқушы: Осы хабар уақытында алынды, «Соғысқа» деп дабыл қағылды. Қуанышты жас жүректі суытып, Баса қалды лапылдаған жалынды.